"Жамбыл" ст. № 3 вагон депосы 1924 жылы Түрксібтің түсуіне байланысты ұйымдастырылды
Қазақстанның вагон деполарын қайта құрылымдауға байланысты 2000 жылы Жамбыл станциясының вагон депосының базасында екі депо, № 27 (жүк вагондарына техникалық қызмет көрсету) және №28 депо (жүк вагондарын жөндеудің жоспарлы түрлері)ұйымдастырылды
2004 жылы № 28 Жамбыл жөндеу вагон депосының базасында "Аль-Кар"ЖШС құрылды
Кейіннен 2005 жылы "Аль-Кар" ЖШС "ЖамбылРемСервис"ЖШС болып өзгертілді
2023 жылдың соңында "ЖамбылРемСервис" ЖШС базасында элементтерді ауыстыра отырып, доңғалақ жұптарын күрделі жөндеу өндірісін іске қосу ұйымдастырылды-вагон-доңғалақ шеберханасы (ЖКМ)